Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім, Алтай, Катонқарағай аудандарында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

Катонқарағай мен Күршім аудандарындағы өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршім, Алтай, Катонқарағай аудандарында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Тілсіз жау елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенген болатын.

Өрттің алдын ала аумағы 1 800 га құрайды, жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. - Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 278-ден астам адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды. Қиын таулы жерлер, ауа райына байланысты өртті сөндіру жұмыстары күрделенген, сондықтан суағар құрылғылары бар 3 тікұшақ тартылды. Барлығы 18 рет су ағызылды. Елді мекенге қауіп жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Құйған ауылдық округі аумағында жағдай осындай, алдын ала болжам бойынша өрт алаңы 200 га. Орман аймағындағы 17,5 га алаңда өрт тоқтатылды, өрт тек дала аймағында ғана жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, полицияның 70-тен астам адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.

Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы шамамен 1400 га аумаққа жайылған өртті сөндіруді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД мамандары жалғастыруда. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Жоюға барлығы 350-ден астам адам мен 33 техника жұмылдырылды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Катонқарағай ауданында Алтынбел ауылынан 12 км, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп өртенеді, өрт ауданы шамамен1900 га. Мұнда да қазіргі таңда елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға 350 адам және 27 бірлік техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары тартылды.


Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт