Семейде орманға кіруге тыйым салынды
Семейде орманға кіруге және ормандағы кез келген қызметке тыйым салынды
Ауа райының шамадан тыс ысуына байланысты осындай сақтық шаралары қабылдануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Семей орманы" МОТР-ға сілтеме жасап.
Естеріңізге кетейік, ШҚО-да бірнеше ауданда дала және орман өрті тіркеліп, қазіргі таңда тілсіз жаумен күрес белсенді жүріп жатыр.
Ауа температурасының +38°С-қа дейін қалыптан тыс көтерілуіне байланысты "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік орман қорының аумағында жоғары өрт қауіптілігі сақталады! Осыған байланысты орманға кіруге және ормандағы кез келген қызметке тыйым салынады! - деп жариялады "Семей орманы" МОТР өзінің инстаграм парақшасында.