Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күні кеше Риддерде жаңа мектеп ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде алғаш рет Риддерде қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жаңа мектеп өз есігін айқара ашады

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Күні кеше Риддерде жаңа мектеп ашылды
Фото:
Риддер қалалық әкімдігінен

Кеше Риддер қаласында №11 орта мектептің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мектеп "Жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу тапсырмасы аясында салынды, - деп мәлімдеді Риддер қаласының әкімдігі. - Оқушыларды заманауи сыныптар, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттер күтеді. Мектеп 600 адамға есептелген, бұл қалаға білім беру мекемелерінің жоғары жүктемесі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысты.

Жұмыс сапарымен Риддер қаласында болып, бірқатар нысандарды аралап, жұртшылықпен кездестім, - деп жазды Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. - Қаладағы жағымды жаңалықтардың бірі - 600 орындық жаңа мектептің ашылуы. Онда оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін болады. 1974 жылдан бастап Риддерде бірде-бір мектеп салынбағанын атап өткім келеді. Ал келесі жылы біз балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін тағы бір құрылысты бастаймыз. Жаңа мектеп барлық қажетті техникамен, оның ішінде интерактивті тақталармен жабдықталған, онда бірнеше оқушы бір уақытта жұмыс істей алады, спорт секциялары, үлкен асхана, лингафон кабинеттері бар.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қаладағы құрылысы жүріп жатқан аурухана кешенін де көріп қайтқан. Ондағы емхананың құрылысы бірінші аяқталады және ол бірден пайдалануға берілмек. Ал бірнеше күннен кейін мәдениет үйін қайта жөндеу жұмыстары басталады.

Сондай-ақ, "ҚазМырыш-маш" ЖШС-нің жұмысымен таныстым. Риддерде жылу беру маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр, көмір қоры бар және күн сайын 10-15 вагон отын жеткізілуде. Риддерде ЖЭО, жылу орталығы жөнделуде. Құрылысшылар 30 қыркүйекке дейін барлық жұмыстар аяқталады деп сендірді, - деді облыс әкімі.

Следующая →