Семейде табиғи саябақ салынбақ
Ертіс өзенінің ортасындағы "Бейбітшілік" аралына табиғи саябақ салу жоспарлануда
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ертіс өзенінің ортасындағы "Бейбітшілік" аралына табиғи саябақ салу жоспарын "QazaqGeography" РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаевпен бейнебайланыс арқылы талқылады.
Жобаның негізгі мақсаты – экотуризмді жақсарту. Бейбітшілік аралына табиғи саябақ салу арқылы түрлі өсімдіктер отырғызылып, сирек кездесетін құстардың алуан түрін өсіру жоспарланған. Табиғи саябақта география, мәдениет, өлкетану, экологиялық туризмге арналған орындар бой көтереді. Сондай-ақ, қарияларға арналған арнайы аумақ пен құстарды тамашалауға арналған бұрыштар да салынады.
Біз экоурбанизмді дамыту үшін де бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз. Табиғи саябақты салуға арнайы орындар жеткілікті, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.