Абай облысында 4 мыңнан астам "ерекше" бала бар
Облыста психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы ашылуы мүмкін
Семей қаласында үш орталық бар, бірақ оның өзі қазір аздық етіп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Облысқа 2023 жылы аутистік спектрі бұзылған балаларға МРТ зерттеулерін жүргізу үшін қажетті жабдықтар сатып алу жоспарланған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері "Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары бірлестігінің" белсенділерінің Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесуі барысында айтты.
Сонымен қатар, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға диагностикалық жағдай жасау мәселелері талқыланды. Мүгедектігі бар балалардың қамқоршыларына да қоғамдық көлікпен тегін жол жүруді қарастыру жоспарланған.
Абай облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4000-нан астам бала тұрады. Семей қаласында аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған орталық бар. Сондай-ақ, қалада жұмыс істеп тұрған үш орталықтың үлкен жүктемесіне байланысты облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығын ашу мәселесі қарастырылуда.