Абай облысында жаңа оқу жылында 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ҚР Үкіметінің отырысында хабарлады
Бүгін Үкіметте оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды, деп деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Нұрлан Ұранхаев мәлімдегендей, Абай облысы бойынша білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 97%-ды құрайды.
Облыста мектебі жоқ 156 елді мекен болса, ондағы 3137 оқушы көрші ауылдағы мектептерге арнайы автобустармен тасымалданады. Ал 157 балабақша мен 202 шағын орталық мектеп жасына дейінгі 25 305 баланы қабылдауға дайын.
Сонымен қатар, педагогтердің 85% қайталап екпе қабылдады, ревакцинация жұмысы 25 тамызға дейін аяқталады.
Айта кеткен жөн, өңірде үш жоғары оқу орны болса, студенттер саны 18 мыңға жуық. Ағымдағы жылы техникалық және кәсіптік білімі беру жүйесі бойынша 4534 грант бөлінді.