Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдегі әлеуметтік нысандарда орын жетіспейді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі әлеуметтік нысандарды аралады

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейдегі әлеуметтік нысандарда орын жетіспейді
Фото:
Абай облысы әкімдігінен

Алғашқы нысан өткен жылы ашылған "Тең қоғам" орталығы болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Мұнда мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балалар мен жасөспірімдерді (АИТВ, БЦП, аутизм, қант диабеті және т.б.) тәрбиелеп отырған отбасыларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға психологиялық, әлеуметтік, заңдық және ақпараттық-консультациялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, орталықта қоғамға тиімді бейімделу мақсатында жұмысқа орналасуға және іздеуге, жұмыспен қамту саласындағы әлеуетті арттыруға, мүгедектігі бар адамдарға тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға үйретуге жәрдем көрсетіледі.

Орталық басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта орындардың жетіспеушілігінен сол жердегі шаршыны кеңейту мәселесі тұр. Облыс басшысы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысы №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Орталықта психикасының созылмалы аурулары бар 18 және одан жоғары жастағы 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Мекеме - өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты тұрақты күтімді немесе уақытша сыртқы көмекті қажет ететін адамдарға тұрақты тұруға және қызмет көрсетуге арналған. Облыс әкімі орталықтың жұмысымен және қамқорлықтағылардың шығармашылығымен танысып, орталықта орын жетіспейтіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, өңір басшысы №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен және ондаға мәселелермен танысты. Мекеменің басты міндеті - қызмет алушылар үшін жасы мен денсаулық жағдайына барынша сай келетін, үйдегілерге жақын өмір сүру жағдайларын жасау. Орталықтың қамқорлыққа алынушыларына стандартпен белгіленген көлемдерге сәйкес стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасы қажет, орталықта өте ескірген компьютерлер бар. Медициналық жабдықтар да ескірген. Сондай-ақ, орталықтың қамқорлығындағыларға ас үй жабдықтары қажет, - деді орталық өкілдері.

Нұрлан Ұранхаев "Қарағайлы" шипажайында да болды. Мұнда халыққа оңалту-сауықтыру көмегі көрсетіледі. 2018 жылдан бастап ағымдағы жылдың наурыз айына дейін МӘСҚ желісі бойынша КС жағдайында оңалту бойынша мұнда үш мыңнан астам адам қабылданды. Аймақ басшысы шипажайдың жұмысымен танысып, демалушылармен әңгімелесті.

Следующая →