Семей қаласында 8-ші қабаттан бала құлап кетті
6 шілде күні сағат 13.00 шамасында Семей қаласындағы Сорокин көшесінде орналасқан 8-қабаттағы пәтердеің ашық терезесінен үш жасар бала құлап кетті
Баланың анасы ол уақытта сол бөлмеде кенжесін тамақтандырып отырған көрінеді. Оның айтуынша, ұлы терезе үстінде ойнағанды жақсы көреді екен.
Қазір сәбидің жағдайы ауыр, ауруханада жатыр.
Балалардың құлау себептері бұрынғыдай: терезелері ашық бөлмелерде баланы қараусыз қалдыру, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы құралдардың, шектегіштердің және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе алды тақтайларының жанында жиһаз – үстелдерді, орындықтарды, дивандарды орналастыру. Москит торлары да үлкен қауіп төндіреді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД.
Алдын ала Семей қаласындағы ТЖБ қызметкерлері еріктілермен бірге қаланың барлық көпқабатты үйлерін аралап, кіреберістерде "ашық терезе – бала үшін қауіп" жадынамасын жапсырды.
Құтқарушылар ата-аналардан төмендегідей ережелерді қатаң сақтауды сұрайды:
- бала терезе ашық тұрған бөлмеде қараусыз қалмауы тиіс немесе бала оны өз бетінше аша алмауы керек;
- металл-пластикалық терезенің тұтқасынан тартып, оңай ашуға болады;
- терезелердегі балаларды қорғау құралдарын орнатыңыз: бала бар үйдегі металл-пластикалық терезелер терезенің ашылуын блоктайтын арнайы құрылғылармен жабдықталуы керек;
- баланы дұрыс тәрбиелеңіз: оны терезе алдына ойнауына қатаң тыйым салыңыз;
-балаға құлау мүмкіндігіне байланысты ашық терезенің қауіптілігін түсіндіріңіз.