Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бобровкадағы бақшалар биыл өнімсіз қалуы мүмкін

Бабровка ауылындағы бақшалар мен жайылымдарына шалғын көбелектің жұлдызқұрттары (гусеница) қаптады

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Бобровкадағы бақшалар биыл өнімсіз қалуы мүмкін

Ауыл тұрғындарының бақшасындағы өсімдіктердің жапырақтарынан жұлдызқұрттар түк қалдырмады. Жәндіктерден зиян көріп жатқан тұрғындар не істерін білмей шарасыз отыр.

 Жұлдызқұрттар бақшамыздағы барлық өсімдіктеріміздің сабақтарын жеп бітті. Түк қалдырмады. Қолымыздан келгенше олармен күресіп жатырмыз, бірақ нәтижесіз, - дейді ауыл тұрғындары. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы жағдайды бақылауда ұстап отыр. 

Мамыр айының 23-інен бастап шалғын көбелектердің бірінші ұрпағының қанат қағып ұшқанын бақыладық. Одан кейін көбелектердің жаппай жұлдызқұттарының шығуын көріп, Тарханка, Бабровка сияқты ауылдық округтерге дабыл хабарламаларын жібердік, - деп атап өтті Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Елдос Қайырбеков.

 Биыл жұлдызқұрттардың күрт қаптап, тез дамуына ауа райы өте қолайлы болды. 

 Көбелектер салған жұмыртқалар күннің және түннің жылы әрі ылғалды болуынан толықтай сақталып, жұлдызқұрттарға айналып отыр. Жұлдызқұрттардың жаппай қаптауы 10-12 жылда бір қайталанып отырады. Бұл табиғи үрдіс, - деп қосты Елдос Қайырбеков.

 Жуықта Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияның мамандары Бабровка ауылдық округіндегі зиянкестерді зерттеді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес әкімдікке ұйғарым жолданды.

 Ауыл аумағы тексеріліп, бізге ұйғарым қағазы келді. Бір жайылым таза, екінші жайылымда зиянкестер нормадан артық мөлшерде анықталыпты. Бізге зиянкестердің көзін құртуға арналған препараттар ұсынылды. Бірақ ол препараттарды алуға біздің бюджетте ақша қарастырылмаған, оның үстіне ол малдар жайылатын жайылым, ол жерде бал аралары да көп ұшады. Ары қарайғы әрекетті аудан әкімдігімен ақылдасу керек, - деп атап өтті Бобровка ауылдық округінің әкімі Айнұр Мұратқызы.

 Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Бобровка ауылдық округінің әкімдігіне мәселені екі жолмен шешуді ұсынды. Біріншісі - агротехникаларды қолдану, яғни, арамшөптердің барлығын жұлып тастау. Екіншісі - ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген, сертификатталған препараттарды пайдалану. 

Сонымен қатар, инспекция мамандары жергілікті тұрғындармен кездесу жүргізіп, оларға зиянкестермен күресудің тиімді жолдарын түсіндірді және дұрыс әрекет етудің нұсқаулық қағаздарын таратты. 

Негізінде шалғын көбелектер өздерінің жұмыртқаларын арамшөптердің арасына салады. Сондықтан арамшөпті уақтылы жұлып отыру керек, - деп атап өтті Елдос Маратұлы. - Тұрғындар қолданған препараттармыз еш нәтиже бермеді деген еді. Мұнда олар қандай препарат қолданғаны маңызды. Ол препараттың сертификаты болғаны абзал. Одан кейін әр препараттың өз қолдану тәсілі, нормалары болады. Препараттарды жауынды күні, аптап ыстық кезінде қолдануға болмайды, таңертең немесе кешкі салқынмен қолданған абзал және пестицидтерді қолдану регламентi сақталуы керек. 

Жұлдызқұрттардың табиғи даму процесін ескеретін болсақ, 2-4 аптада олар қатты қабығы бар піллә жасап, қабықтың ішінде өзгеріп, көбелектерге айналып шығады.

Следующая →