Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мектеп асханаларындағы улану жағдайы неге тіркелмеген?

Семейлік ата-аналар мектеп асханаларындағы тамақтар санитарлық нормаға сай келмейтінін айтып шағымдануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Мектеп асханаларындағы улану жағдайы неге тіркелмеген?
Фото:
В. Ивановтікі

Мектеп асханаларына қатысты екі өзекті проблема бар. Біріншісі, асханаға қызмет көрсетуді тендермен ең арзан бағада ұтып алатын кәсіпкерлердің кейбірінің оқушыларға беретін тамағының сапасы сын көтермейді. Екіншісі, кәсіп иелерінің жұмысын тексеруге үш жылға мараторий жарияланған болатын. Сондықтан бұндай мектеп асханаларын СЭС барып тексере алмайды.

Қаладағы №10 мектептегі асханасы қарапайым санитарлық ережелерді сақтамайды. Өте лас, ыдыс-аяқ лас, тамақ жеуге жарамсыз. Біз ата-аналар комитетімен тексердік, акт жасадық. Бірақ бар жұмысымыз біздің ескертуден аспады. Балалар аш, ал асханадан тамақ ішсе, асқазан-ішектері ауырып қалады, - деп шағымданды №10 мектептің ата-аналары.

Асханадағы астан уланып қалу, санитарлық нормалардың сақталмау жағдайы тек бір мектеппен шектелмейді. №7, 10, 22, 28, 47 мектептердің ата-аналары балаларының асхана тамағынан уланғандарын айтқанымен, олардың санитарлық нормаларды сақтамайтынын еш дәлелдей алмай отыр.

№7 мектеп-лицейінде де сондай жағдай. Қыркүйек айының ортасында қызым, қыркүйек айының соңында ұлым уланды. Ұлым оқитын сыныптың тең жартысы уланып қалған. Балаларым асханаға енді аяқ баспас. Асхана қызметкерлеріне шағымданған едік. Олар бізге "Енді пиццаны, самсаны және тағы басқа тамақтарды алып тастаймыз" деді. Бірақ бұл мәселені шешкен жоқ. Мектеп асханаларын кім қадағалайды? Неге ешқандай шара қолданылмайды? - дейді ата-аналардың бірі Татьяна ханым.

Шарасыз ата-аналардың құқықтарын қорғайтын, қолдайтын бірде-бір мемлекеттік мекеме жоқ. Себебі Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы №229 Жарлығына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалауларды жүргізу тоқтатылған. Көптеген кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдеткен бұл заңның екінші бір ұшы бар. Бұл адам денсаулығына тиетін зиян. Адам баласы уланып, өліп жатса да, санитарлық норманы сақтамай, адам денсаулығына тікелей қауіп төндірсе де бизнес иелері жауапкершілікке тартылмақ түгілі, нысан қызметі тексерілмейді де...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына сәйкес, "Ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану және сауда объектілері" жарты жылда бір рет тексеруден өтеді, - дейді Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Ноғайбаев. - 2021-2022 оқу жылы басталғалы бізге Семей қаласының мектеп асханаларынан улану жағдайлары бойынша шұғыл хабарламалар тіркелмеген.

Семей қаласының білім бөлімі асханалардың сапасы арнайы комиссиялардың құрылуымен тексерілетінін айтып отыр.

Комиссия құрамына қамқоршылық кеңестің мүшелері, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі және мектептің медицина қызметкерлері кіреді, - деп түсіндірді Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко. - №7, 10, 22, 28, 47 мекептердің ата-аналарынан шағымдар түскені рас, бірақ улану жағдайлары орын алмады. Шағым түскен сәтте ведомствааралық топ бірден сол мектепке мониторинг жүргізді. Улану жағдайының алдын алу мақсатында мектептің медицина кызметкерлері күнделікті келіп түскен азық-түлік сапасына бақылау жүргізіп отырады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Семей қаласында 66 жалпы орта білім мекемесі бар. Олардың 61-і ыстық тамақпен қамтылған, 2 мектепте буфеттік тамақтану және 3 мектептің асханасы ауылдық жерде орналасқандықтан санитарлық нормаларға сәйкес келмегендіктен жұмыс жасамайды екен.

Тағы бір мәселе тек семейлік ата-аналар үшін ғана емес, кез келген мектептердің ата-анасы үшін өзекті болар. Бұл - мектеп асханасында жұмыс жасайтын кәсіпкердің тендер арқылы анықталуы. Арзан бағамен жеңіске жеткен кәсіпкер ақыр соңында асханаларға сапасыз тамақ шығарады.

Мектеп асханасына жауапты кәсіпкерлерді тендерлік жүйе арқылы анықтауды тоқтату керек. Мектепті бизнес көзіне айналдыруды доғарыңыздаршы, - деп қосты семейлік ата-ана Дина Жумажанова.

Қазақта "Ас - адамның арқауы" деген жақсы сөз бар. Адам тіршілігінің, бойындағы күш-қуатының көзі - ас, бірақ кейде адам өмірін тоқтатушы, ажал көзі де осы - ас екенін ұмытпайық...

Следующая →