Өскеменде Самар ауданының күндері өтеді
Аудан өнерпаздары концерт қойып, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Фото:
Устинка LIVE
3-4 қазан күндері Өскемен қаласында облыстық "Туған жер – алтын бесігім" жобасы аясында Самар ауданының күндері өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
3 қазан:
- 09.30 - танымал актер, сценарист Рысқұл Қонақбаевпен кездесу және "Юбилейный" кинотеатрында фильм көрсету, Қазақстан көшесі, 59
- 12.00 - Арбатта "Ұлттық киім" акциясы
- 17.00 - облыстық филармония фойесінде Самар ауданының мәдени мұрасы, зергерлік өнері мен жетістіктерінің көрмесі, Протозанов көшесі, 43
- 18.00 - облыстық филармония концерт залында өтетін "Самарым – шаттық мекенім" атты концерттік бағдарлама, Протозанов көшесі, 43. Кештің арнайы қонағы – танымал эстрада жұлдызы Медет Көжекбаев.
4 қазан күні сағат 8.00-15.00 аралығында "Алтай" көтерме-бөлшек орталығының алаңында (Жібек Жолы көшесі, 44) азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Ал 5 қазан күні Самар ауданы командалары арасында волейболдан жарыс өтеді (Стахановская көшесі, 3А мекенжайында).