Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +15°
$
546.96
-2.19
642.73
-1.15
¥
76.83
-0.31
6.7
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстанда мұғалімдерге құрмет көрсетілді

Ұстаздар күніне орай білім саласында еселі еңбек етіп жүрген жандар марапатталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстанда мұғалімдерге құрмет көрсетілді
Фото:
instagram/renatkurmambaev

Өскемендегі "Жаңа дәуір ұстазы: интеллект, еңбек және адалдық" атты салтанатты жиынға облыстың әр өңірінен 600-ге жуық ұстаз қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Құрметті ұстаздар қауымы, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – жай ғана білім беруші емес, ол ел болашағының сәулетшісі. Осы орайда "Ұстаз - ұлттың шамшырағы" деген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалімдерге деген зор сенімін айрықша атап өткім келеді. Сіздерге шын жүректен алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Нұрымбет Сақтағанов өңірде білім саласын цифрландыруға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға баса мән берілгенін атап өтті. Биыл облыс мектептерінде 40 жаңа пәндік кабинет жабдықталды. STEM-білім беру, робототехника және техникалық дағдыларды дамыту жағы да жолға қойылған.

Заманауи кабинеттер ашылып, онда оқушылар бағдарламалау негіздерін меңгеріп, инженерлік ойлау қабілетін шыңдап, олимпиадалар мен түрлі байқауларға дайындалады.

Салтанатты жиын барысында білім саласында еселі еңбек етіп жүрген жандар марапатталды. Атап айтқанда, еңбек ардагерлеріне, үздік педагогтер мен білім бөлімдерінің басшыларына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық награда-медальдары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды. Өңір бойынша "Үздік білім бөлімі – 2025" номинациясында Үлкен Нарын аудандық білім бөлімі жеңімпаз атанды. Ал "Үздік колледж" атағына Өскемен жоғары политехникалық колледжі ие болды.

Следующая →