Самар ауданында Туризм және инвестициялар орталығы құрылды
Биылғы Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтіп, олардың ел экономикасын дамытудағы басты рөлін белгіледі

Атқарылған міндеттер аясында Самар ауданы әкімідігінің жанынан "Туризм және инвестициялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік ұйымы құрылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа орталық инвестициялық жобаларды насихаттау және өңірдің туристік кластерін дамыту алаңы болып табылады.
Негізгі назар үш бағытқа бөлінбек:
- туризм
- ауыл шаруашылығы
- өнеркәсіп
Әсіресе жағажай туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Самардың бірегей жағалауы халықаралық бренд мәртебесін алып, Қазақстаннан ғана емес, шетелден де туристер ағынын тартуы тиіс, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі. - Аудан экономикасына инвестиция салуға дайын кәсіпкерлердің жобалары толық сүйемелденіп, қажетті ақпарат пен орталық тарапынан көмек алады.