Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +34°
$
526.5
+0.63
611.64
-2.73
¥
73.34
+0.03
6.72
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Құлынжон ауылында заманауи мектеп салынды

Жаңа форматтағы білім ошағын туған жерінде кәсіпкерлердің бірі - BI Group компаниясының өкілі салған

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарское (район Самар) / Құлынжон ауылында заманауи мектеп салынды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Мұндағы оқу үдерісіне шетелдік мамандар да тартылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Білім ошағы тек оқу орны ғана емес, балабақша, спорт секциялары, демалыс пен кездесуге арналған кеңістіктері бар нағыз комьюнити-орталыққа айналды. Желтоқсан айында спорт блогының құрылысын аяқтау жоспарланған.

BI Group компаниясы жүзеге асырып жатқан бұл жоба – ыңғайлы, технологиялық, ашық әрі дамытушы заманауи ауыл мектебінің үлгісі болды. Мұндай нысандар өсудің, тартымдылықтың нүктесіне айналатыны анық және олар халықты сақтап қалуға, тұрақты қауымдастық қалыптастыруға, жас мамандардың ауылда қалуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, BI Group компаниясы  оқушыларға арналған жатақхана салып, Бастаушы ауылындағы мектепті қайта жаңғыртуды жоспарлап аталған бастаманы кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Бастаушы ауылындағы мектепті жаңғырту мүмкіндігін мұқият қарастыруды тапсырды. Ол білім мекемесі барынша жайлы болып, қазіргі заманғы стандарттарға сай болуы керектігін атап өтті.

Туған жерін ұмытпай, жергілікті халықты жұмылдырып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, осындай жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлер – өңірді дамытуға жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі. Мұндай бастамалар қолдау тауып, үлгі болуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Следующая →