Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауылында 40 жылдан кейін жаңа мектеп салынады

Білім ошағының іргетасы қаланды, жыл соңына дейін ашу жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарское (район Самар) / Самар ауылында 40 жылдан кейін жаңа мектеп салынады
Фото:
Самар ауданы әкімдігінен

Самар ауылының өзінде жаңа мектеп соңғы рет 47 жыл бұрын салыныпты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Арада жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін ғана 150 орынға есептелген тағы бір білім ошағы бой көтермек.

Аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда жаңа мектеп салынады. Ауданымызда жыл сайын 1-сыныпқа қабылданатын балалардың да саны артып келеді. Ауыл тұрғындары бұл мектепті шынымен де көптен күтті. Мәселе ақыры оң шешімін тауып жатыр, – деді Самар ауданы білім бөлімінің басшысы Руслана Қуатқызы.

Бұны аудан тұрғындары тағатсыздана күтіп жүр. Себебі Самар ауылындағы мектептердің бірінің қабырғасы қақырай бастағаннан кейін, оқушылар №1 Самар орта мектебінде екі ауысыммен оқуға мәжбүр болған еді. Енді бұл мәселе жыл соңына дейін толық шешімін таппақ.

Ауданымызға өзге өңірден қаншама жас отбасылар келіп жатыр. Қуанарлығы мектептен таршылық көрмейтін болдық. Аудан тұрғындарының өтінішін, сұрауын қанағаттандырып, білім ошағын салуға қолдау көрсеткен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановқа алғысымыз шексіз. Балаларымыз алаңсыз білім алса, бізде алаңсыз боламыз, – дейді Самар ауылының тұрғыны Зарина Рахимова.

Следующая →