Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменге видеоаналитика функциясы бар 300 камера орнатылмақ

Күні кеше тәртіп сақшылары Өскемен қаласында да жоғалған жасөспірімді видеоаналитика көмегімен тапты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге видеоаналитика функциясы бар 300 камера орнатылмақ
Фото:
ШҚО ПД

Жасөспірім ата-анасына айтпай, ауылдан қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Балаларын шарқ ұрып іздеген ата-ана дереу полицияға жүгінген.

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері видеоаналитика жүйесінің көмегімен ата-анасының хабарынсыз ауылдық жерден қалаға келген 17 жастағы жасөспірімнің жүрген жерін анықтады. Ұлдарының жоғалуына алаңдаған ата-анасы полицияға жүгінген.

Іздеу жұмыстары барысында қалалық бейнебақылау жүйесіне жасөспірімнің фотосуреті жүктелді. Нәтижесінде видеоаналитика оның қозғалысын тіркеп, проспект бойындағы камералардың бірі жасөспірімнің нақты жүрген орнын анықтауға мүмкіндік берді. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы ата-анасына тапсырды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Бейнебақылау жүйесіндегі бет-әлпетті тану, қозғалысты қадағалау және көлік ағынын талдау функциялары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысты ізін суытпай ашуда тиімді құрал екенін дәлелдеді.

Облыс орталығындағы қоғамдық орындарға видеоаналитика функциясы бар 300 камера орнату жоспарлануда.

Следующая →