Самар ауданы: сәтті жобаға сыйақы мен көлік беріледі
Самар ауданының әкімі кәсіпкерлікті дамыту бойынша үздік жоба ұсынған ауылдық округке арнайы сыйлық бермек

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов ауылдық округ әкімдерімен кәсіпкерлікті дамыту жолдарын талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аудан басшысының сөзінше, елді мекенде жеке кәсібін ашқысы келетіндер саны көп.
Әр ауылдық округтің әкімі ауыл шаруашылығын алға жылжыту бойынша жоба әзірлеуі тиіс. Инвестиция тарту, кәсіп иелерін қолдауға назар аударған жөн. Жауапты басқарма өкілдерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Жылдың аяғында белгіленген критерийлер бойынша сәтті жобаларды жүзеге асырған ауылдық округке арнайы сыйақы мен көлік беріледі, - деді Серік Жеңісұлы.