Катонқарағай ауданында су тасқынын алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Катонқарағайда су тасқынын алдын алу үшін аудан аумағындағы көпірлер мен су өткізгіш құбырларды қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілді

Қазір ауданның Аққайнар ауылдық округінде 13 жол асты су өткізгіш құбырлары толық тазаланып, Ақсу, Өрел, Жамбыл ауылдық округтерінде де тазарту жұмыстары толығымен аяқталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл шаралар су тасқыны қаупін азайтып, су ағынының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында атқарылуда. Сонымен қатар, өзен арналары мен су тасқыны қаупі жоғары аймақтарда бақылау күшейтіліп, алдын алу шаралары жүргізілуде. Аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімі ауа райының өзгерістерін мұқият бақылап, су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қабылданып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, - дейді Катонқарағай ауданы әкімдігі.
Сонымен қатар, ауданда төтенше жағдайға қарсы арнайы техникалар мен құтқару топтары да дайын.