Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі су басқан үйлердің шығыны әлі өтелген жоқ

Өткен жылдың желтоқсан айында "ЛК ГЭС" су электр бекетінен рұқсатсыз су ағызылып, Риддердегі бірнеше тұрғын үйдің аумағын су басқан болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі су басқан үйлердің шығыны әлі өтелген жоқ
Фото:
Устинка LIVE

Меншік иесі залалды өтеуге қатысты барлық мәселелер шешілетініне уәде берген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алайда осы уақытқа дейін уәдеге сай ешқандай әрекет жасалмаған. Бұл мәселе облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының басында "ЛК ГЭС" ЖШС су жинағыш тоқтап қалмау үшін суды шамадан тыс мөлшерде өзенге жіберген. Соның салдарынан қабыршық мұз жиналып, Хариузовка өзені арнасынан асып кетті. Алты тұрғын үйдің ауласын, оның ішінде екі үйді су басқан болатын. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Риддер қаласына өзі барып, үй-жайларын су басқан тұрғындармен кездескен.

Келісім бойынша меншік иесі аталған мәселені шешуге уәде еткен. Жауапты тұлғаның сөзіне құлақ асып, жағдайды реттейді дегенге сендік. Енді біз зардап шеккен тұрғындарға заңды түрде көмектесуіміз керек, - деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ аймақ басшысы барлық гидротехникалық құрылыстардың: бөгеттер мен су қоймаларының жағдайын тексеру қажеттігін атап өтті. Олардың жағдайы туралы үнемі мониторинг жүргізіліп, сәт сайын хабардар болуымыз керек. Айтып келмейтін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін дәл осы жазғы кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастауды тапсырды.

Следующая →