Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-дағы жылу жүйелерін жөндеуге 21 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ

Үш жылу электр орталығы, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың 32 аудандық және 201 автономды қазандықтары ретке келтірілмек

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-дағы жылу жүйелерін жөндеуге 21 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ
Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығынан

Биыл жалпы облыс көлемінде жылу көздері мен жылу желілеріндегі жұмыстарға 20,8 млрд теңге жұмсалады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыстағы 56,2 шақырым жылу желілерін жаңғырту жұмыстары 5 пайызға, яғни 55,6 пайызға дейін қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өткен жылу маусымындағы олқылықтарды ескере отырып, Риддер қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуды және басқа елді мекендерде мұндай мәселенің болмауын қадағалау керектігін ерекше атап өтті.

Еске салайық, Риддердегі жылу жүйесінде жер үсті жылыту қазандықтарын, қосалқы жабдықтарды, электр бөлшектерін қайта құру сияқты күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Барлығы 55 аумақта 18,9 шақырым құбыр ауыстырылып, жөнделеді. Жылу электр орталығын күрделі жөндеу жұмыстары 5,5 млрд теңгені қажет етеді.

Айта кетейік, облыс әкімі жылыту маусымына коммуналдық қызметтермен қатар, тұрғындардың өздері де дайындалуы керектігін атап өтті. Ол үшін жергілікті әкімдерге халыққа түсіндіру жұмыстарын тиянақты жүргізу жүктелді.

Следующая →