Өскемен
облачно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +12°
$
488.11
530.09
¥
68.52
5.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде заманауи 600 орындық мектеп салынады

ШҚО және Риддер қаласының әкімдіктері мен "Казцинк" компаниясы арасында тиісті үшжақты меморандумға қол қойылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде заманауи 600 орындық мектеп салынады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа мектеп ғимаратының құрылысына арналған орынды Риддер қаласының әкімдігі айқындайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Қала билігі барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды жеткізуді қамтамасыз етеді. Мектептің құрылысын қысқа мерзімде аяқтау жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев әлеуметтік бастамаларды өз мойнына алатын ірі бизнес кәсіпорындарының оң рөлін атап өтті.

Риддер қаласында 16 мектеп жұмыс істейді. Алайда көптеген мектептердің қабырғасы өткен ғасырдың 30-шы жылдары қаланған. Мыңдаған тұрғыны бар қалада соңғы рет мектептер 1974 жылы, одан соң тек 50 жылдан кейін 2022 жылы ғана бой көтерген. Сондықтан заманауи кабинеттермен жасақталып, барлық қажетті заттармен жабдықталған жаңа, жайлы мектеп салу балалар, педагогтар мен ата-аналар үшін тамаша сыйлық болады, - деп атап өтті өңір басшысы.

Экспортқа бағдарланған "Казцинк" сияқты ірі кәсіпорын үшін жаңа мектеп салу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар компания қызметкерлері үшін қолайлы орта құруға салынған ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.

Риддерде біздің компанияның жартысына жуығы жұмыс істейді. Біз жалпы қаланың дамуына, оның ішінде қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша көңіл бөлеміз. Бүгінгі меморандум - ірі бизнес пен мемлекеттік органдардың осы бағыттағы тиімді әріптестігінің тамаша үлгісі, - деді "Казцинк" ЖШС бас директоры Александр Хмелев.

Жаңа мектеп салу - орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құрудың тағы бір қадамы.

Оқушылар оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып, озық мектеп білімін алу үшін кең мүмкіндіктерге ие болады. Сонымен қатар, жаңа мектептің арқасында ескірген оқу сыныптарындағы артық балалар саны мәселесі шешілмек.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Риддерде "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы ұлттық жобасы аясында тағы бір жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл бағдарламаның мақсаты - орта білім беру ұйымдарындағы апатты объектілерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою болып табылады.

Следующая →