Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер ЖЭО-да апат болып, үйлер тағы жылусыз қалғаны рас па?

Ақпараттық ресурстар Риддердегі ЖЭО-да апат болып, жылу беру тоқтатылғанын хабарлаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддер ЖЭО-да апат болып, үйлер тағы жылусыз қалғаны рас па?
Фото:
Устинка LIVE

Бүгін Риддер қаласының әкімі бұл жалған ақпарат екенін жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оған Риддер қаласы әкімі аппаратының хабарын жергілікті ақпараттық ресурстардың дұрыс жеткізбеуі себеп болған.

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев ЖЭО-да жылуды тоқтату немесе қазандық қондырғыларының жұмысын тоқтату болмағанын айтады. Станция штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Барлық үйде жылу мен ыстық су бар.

10 желтоқсан күні токтың қысқа тұйықталуы салдарынан қазандыққа көмір жіберіп тұратын шарлы-барабанды диірменнің электр қуатымен қамтамасыз ету жабдығы істен шықты, - дейді Дәулет Батырбаев. - №2 қазандық агрегатында қосымша автоматиканың қорғаныс жүйесі іске қосылып, көмір мазутқа алмастырылды. Бұл әдеттегі жұмыс процесі. Риддер ЖЭО-ны қалпына келтіру кезеңінде жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында қазандық қайта көмірмен жылыту жүйесіне жылдам көшті.

Әкімнің айтуынша, жағдай реттелгенше Риддер қаласындағы үйлерде пәтердегі температура + 20ºС-тан төмендеген жоқ.

Қазір Риддер ЖЭО штаттық режімде 4 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, екеуі резервте. Шағын қала жылумен және ыстық сумен тоқтаусыз қамтамасыз етілуде және жағдай бақылауда, - деді Риддер қаласының әкімі.

Следующая →