Алтай ауданында 9 адам өзеннің ортасында қалып қойған
Жүк көлігімен Бұқтырма өзенінің ортасында тұрып қалғандарды ШҚО ТЖД мамандары құтқарды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
10 желтоқсан күні кешке Алтай ауданындағы Быково ауылынан 7 шақырым жерде марал шаруашылығының 9 қызметкері Бұқтырма өзені арқылы "Урал" жүк көлігімен үйге бет алған. Алайда өзенде пайда болған бұжыр мұз оларға соқпақ жолдан өтуге мүмкіндік бермеді. Сөйтіп олар өзеннің ортасындағы аралда қалып койды, - делінген хабарламада.
Олар құтқарушыларды көмекке шақырған. ШҚО ТЖД қызметкерлері келіп, жүзу құралдарының көмегімен 9 азаматты жағаға шығарып, ең жақын жердегі Быково ауылындағы жылыту пунктіне жеткізген. Құтқарылған азаматтар медициналық көмекті қажет етпеді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Қолайсыз ауа райында және тәуліктің қараңғы уақытында мұз үстімен және қиын жолдармен жүрмеген абзал.
Қала сыртына шығарда жолдардың жағдайы "Дармен" мобильді қосымшасынан біліп алу қажет.
Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.