Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі Хариузовка өзені арнасынан асып, үйлерді су басты

Бүгін түнде Хариузовка өзенінің арнасында қарлы мұздың қатуынан су деңгейі көтеріліп кеткен

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі Хариузовка өзені арнасынан асып, үйлерді су басты
Фото:
ШҚО ТЖД

Салдарынан 2 жер үйге су кірген және бірнеше үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

8 желтоқсанға қараған түні Риддер қаласындағы Хариузовка өзенінің арнасында қарлы мұздың қатуынан су деңгейі көтеріліп, салдарынан  Киров көшесі, Өскемен бұрылысы мен Хариузовский бұрылысындағы жеке сектордың 4 аула аумағы мен Киров көшесіндегі 2 жеке үйді су басты.

Оқиға орнына ШҚО әкімі Ермек Көшербаев және ШҚО ТЖД басшылығы барған.

Риддер қаласы ТЖБ қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар халықты хабардар етті. Ықтимал эвакуация жағдайында күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Халықты уақытша орналастыру үшін Риддер қаласының колледж ғимараты алдын ала дайындалды. Бірақ халық эвакуациядан бас тартты, - делінген хабарламада.

Риддер қаласының әкімдігі мен ШҚО ТЖД құтқарушылары аула аумақтары мен үйлерден суды сорып шығаруы үшін мотопомпаларды тартып,арнайы техниканың көмегімен мұздан тазарту және өзен арнасына қарай еңіс жасау жұмыстарын жүргізуде.

Төтенше жағдай салдарынан халыққа елтірілген залалды бағалау үшін арнайы комиссия құрылған.

Таңғы сағат 7.30-дағы жағдай бойынша аула аумақтарынан су кетті, тек жертөлелерде қалды.

Следующая →