Өскемен
пасмурно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +14°
$
488.11
530.09
¥
68.52
5.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Асауға тұсау": ШҚО драма театрында тұсаукесер

Жаңа қойылымды сахналау үшін тәжікстандық режиссер Барзу Абдуразаков арнайы шақыртылған

Усть-Каменогорск и ВКО / "Асауға тұсау": ШҚО драма театрында тұсаукесер
Фото:
ШҚО драма театрынан

Премьера 9 және 10 желтоқсан күндері сағат 17.00-де, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тәжікстан Республикасының кино және театр актері, режиссер, драматург Барзу Абдуразаков ШҚО драма театрымен бұған дейін де жұмыс істеген.

Ол 2020 жылы атақты итальяндық комедияшы Эдуардо Де Филиппоның "Призраки" комедиясының негізінде "Елестер" драмасын қойған болатын. Араға уақыт салып театр басшылығы білікті режиссерді тағы шақыртқан. Бұл жолы Барзу Абдуразаков Жастар театрымен Мұхтар Әуезов қазақшаға аударған Уильям Шекспирдің "Асауға тұсау" комедиясын дайындапты.

Пьесаның жазылғанына бес жүз жылға жуық уақыт болғанына қарамастан әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған.

Шекспирдің "Асауға тұсау" атты пьесасында басты назарда - екі апалы-сіңлілі: тек жақсылық ойлайтын Бьянка және асау Катарина. Бірнеше күйеу жігіттер олардың жүректерін жаулау үшін күресіп-ақ бағуда.

Күрделі сюжеттің дамуы барысында кейіпкерлер мен оқырмандар басты сұраққа жауап іздейді: шынайы махаббат дегеніміз не және қарым-қатынаста қабылданған ережелерді сақтау дұрыс па?

Елдегі басқа театрларда да сахналанып жүрген бұл қойылымды шетелдік әріптестің жетекшілігімен ШҚО театрының Жастар театры да сәтті алып шыққан. Қойылымды алдымен театрдың көркемдік кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері тамашалап, өз бағаларын берді.

Үлкен классикалық қойылым үшін рахмет. Дайын қойылым оңай, жеңіл көрінгенімен, оның артында үлкен еңбек жатыр. Сахнадағы декорацияның барлығы шебер ойнатылды, сахнаға қызмет еткен суретшілер, тігін цехі, музыка қоюшылардың еңбегін атап өткен жөн. Рас, бізде осындай мықты шығармалар шығаратын күш-жігер бар. Шет елден режиссер шақыртып, мүмкіндік ұсынып жатқан әкімшілікке рахмет, - деді қазақ театрының беделді актері, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Қанат Ниязбеков.

Сахнаның әрленуі, режиссердің шешімі барлығы өте қызықты. Рөлдер жақсы бөлінген, әр актер сахнада өзінің не істеп жүргенін және оны неге істеп жүргенін жақсы түсінген. Шығарма мазмұны ашылған, барлығы түсінікті. Қойылым қазақ тілінде сахналанғанса да, тіпті тілді жетік меңгермегеннің өзінде тапсырма толық орындалғанын аңғаруға болады, - деп атап өтті орыс театрының режиссері Татьяна Баева.


Следующая →