Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр

Кеше кешке жоспарға сай жүргізілген профилактикалық тексеруден кейін Риддер ЖЭО-да №1 қазандық агрегаты қайта іске қосылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддер ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Қала әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, №1 қазандық агрегаты қажетті температуралық көрсеткіштерді жинаған соң №3 қазандық агрегатымен қатар режимге келтірілді.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғындарға бірер күн бұрын қалаға берілген жылу температурасының төмендейтіні ескертілген. Ол мамандарға қазандықты тексеру бойынша технологиялық процедураларды жүргізу үшін қажет еді. Бұл іске қосу-баптау жұмыстарының ажырамас бөлігі. Қазір қазандық жұмыс істеп тұр.

Риддерде аптаның соңына дейін ауа температурасы күндіз +17-ден +20-ға дейін, түнде +8 - +13 градус аралығында болады. Толығымен қайта жасалып жатқан жылу орталығы қалыпты режимде сенімді жұмыс істеуі үшін алдағы суықтарға жүйелі түрде технологиялық дайындықтан өткізілуде. Қазір қалалық жылу электр орталығынан желі арқылы қалаға 49,5 градуста жылу беріліп отыр. Бұл осы ауа райына сай норманың шегіндегі температура.

Синоптик мамандар қазан айының екінші онкүндігінің соңына қарай күн суытады деп болжап отыр. Ауа температурасы төмендеген жағдайда, қазандық агрегаттарының температуралық режимі көтерілетін болады.

Жөндеу жұмыстары техникалық регламенттерді сақтай отырып, белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Аймақ билігі толық жаңартылған станциядағы маңызды технологиялық процесстердің сақталуын күнделікті қадағалап отыр.

Следующая →