Өскеменде алғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерінің жиыны өтті
Облыс орталығындағы жалпы білім беру мектептерінің алғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерімен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды
Шараға ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Рамазанов Маратбекович пен Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Қуаныш Мусапиров қатысты, деп хабарлады Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.
Шараның мақсаты - әскери қызметтің имиджін арттыру.
Жастарға патриоттық тәрбие беру ісімен айналысып жүрген алғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерімен жиын ұйымдастырылды. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы, әрбір ер азамат әскери маман болмаса да ұлттық рухты ту етіп, елін-жерін қорғайтын айбынды тұлға, - деді ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Рамазанов.
Аға буын салып кеткен жауынгерлік дәстүрді бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің сапында қызмет етіп жүрген жауынгерлер лайықты жалғастырып келеді. Бұл – Отанды шексіз сүюдің жарқын үлгісі.