Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

Барлық жөндеу-іске қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін риддерліктердің үйлеріне жылу беріле бастайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Ең алдымен үшінші қазандық агрегаты іске қосылмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпаратына сүйеніп.

№1, 2, 3 қазандықтардың агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері құрастырылып, орнатылып қойған. Сондай-ақ, қазандықтар одан әрі жуып-тазалау үшін сумен толтырылыпты. Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаевтың сөзінше, жуу процесі бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін созылады екен.

Орталықтағы 1, 2, 3 қазандық агрегаттары бойынша жұмыстар аяқталды. Оларды суға толтырғаннан және жуғаннан кейін қазандықтарда қысым пайда болып, артынша оларды жағу басталады, – деп түсіндірді қала басшысы.

Ал мердігер ұйым өкілдері нысандағы барлық жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтуда. "DM Energy" ЖШС-ның бас инженері Қайрат Досанов бірінші қазандықта дәнекерлеу жұмыстары аяқталғанын, енді мамандар оны толтыратынын және одан әрі гидравликалық сынақтар жүргізетінін атап өтті.

Жұмыстар уақтылы жүргізілуде. Ең алдымен үшінші қазандық агрегатын іске қосуға дайындап жатырмыз, құбыр жүйесін монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды. Іске Риддер ЖЭО эксплуатациялық персоналы да қосылуда. Мердігер болған соң біздің міндетіміз – қандай да бір кемшілік анықталған жағдайда оны жедел жою, – деп атап өтті "Перспективті технологиялар" ЖШС бас инженері Александр Матвиенко.

Следующая →