Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі "Шаңырақ" мектебіне қатысты дау қалай шешім тапты?

Кеше Риддер қаласының әкімдігінде "Шаңырақ" гимназиясының және №11 мектептің ата-аналар қауымы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі "Шаңырақ" мектебіне қатысты дау қалай шешім тапты?
Фото:
"Шаңырақ" көпсалалы мектеп-гимназиясының ресми сайтынан

ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов тараптарды тыңдады. Мәселе ортақ келісіммен шешілді.

№11 мектепте бір ауысымда 600 бала, яғни екі ауысымда 1200 бала оқи алады. Біз "Шаңырақ" мектебін зерттеп, күрделі жөндеуді бастаймыз. Оқушылар мен барлық педагогикалық құрамды №11 мектеп ғимаратына ауыстырамыз. Бұндай жүктеме жаңа ғимаратқа қолайлы. Сіздер, риддерліктер, қақаған қыста болған ЖЭО апатына төтеп бере алдыңыздар. Біз бірге балаларымыз үшін қалыпты жағдай жасауымыз керек екеніне сенімдімін. Біз бәріміз Қазақстанда тұрамыз, көпұлтты елміз және осы келісімді сақтауымыз керек, – деп атап өтті Дархан Сапанов.

Риддердегі қазақ тілді “Шаңырақ” гимназиясының ата-аналары мектептің апатты жағдайда тұрғанын алға тартып жаңа білім ордасын сұраған. Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға сенген №11 мектептің ата-аналары жаңа ғимараттан балаларын шығарып жібереді деп қауіптенген. Осылайша екі тараптың арасында түсініспеушілік туындап, дауға ұласқан болатын.

Риддердегі №11 мектеп пен “Шаңырақ” гимназиясының ана-аналары арасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел бейбіт келісіммен аяқталды.

ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Бақытжанұлының қатысуымен өткен жиында екі жақтың түсініспеушілігі шешіліп, ортақ келісімге келе білді.

Мәселені шешу үшін екі тарапты да толық тыңдадық. Сосын екі жақпен бірлесе отырып, ортақ жиналыс өткіздік. Бұл өте дұрыс шешім болды. Ата-аналар түсініспеушілікті бірлесе отырып шешуге көмектесті. Нәтижесінде “Шаңырақ” гимназиясы апаттық жағдайға байланысты тексерістен өтеді. Егер тексеріс нәтижесі мектепті апатты жағдайда деп таныса “Шаңырақтың” оқушылары №11 мектептің ғимаратына ұстаздарымен бірге ауыстырылатын болады. Екі мектептің де барлық құқықтары сақталады. Маңдайшаға №11 мектептің де, “Шаңырақ” гимназиясының да атаулары ілінеді. Аталмыш білім ордасы бір ауысымда 600 оқушыны қабылдауға қауқарлы. Бұл деген қос мектептің оқушылары екі ауысымда еш кедергісіз білім алады деген сөз, - деді Дархан Сапанов.

Следующая →