Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі ЖЭОқара күзге дейін жөнделіп бітуі керек

Жақын арада Риддердегі ЖЭО-ның барлық қазандықтары мен жылу орталығы толық күрделі жөндеуден өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі ЖЭО қара күзге дейін жөнделіп бітуі керек
Фото:
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен

ШҚО әкімі жылу энергетикасымен, жылу электр орталықтарын жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Біз жақын арада Риддер жылу электр орталығын жөндеуді бастаймыз, бұл кешенді тәсіл - барлық алты қазандық агрегаттарын (үш жоғары қысым және үш орта) және жылу орталықтарын күрделі жөндеу болады. Бүгін кешке аталмыш компаниялар тікелей Риддер ЖЭО-на жасаған жедел талдау нәтижелерін ұсынады. Әрі қарайғы әрекеттер алгоритмі қазірдің өзінде түсінікті болады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Бұл үшін қаржылық мүмкіндіктер бар, жабдықтың бір бөлігі сатып алынған.

Жылу көзінің кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асатынын, тиісті талап арыздар берілгенін атап өтемін, - деді облыс әкімі.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.

Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек.

Следующая →