Шығыс Қазақстанда қатты жел соғуы мүмкін
Ертең облыстың көп бөлігінде екпіні 15-20 м/сек дейін жел соғуы мүмкін
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.
Осыған орай ШҚО ТЖД мамандары халықтан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
Әсіресе желді ауа райында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз: ашық отпен жұмыс жасауда өте сақ болыңыз, үйлер мен ғимараттардың жанында от жақпаңыз, құрғақ шөпті, қамысты өртемеңіз. Көліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдыстарды тастауға болмайды.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалу қажет.