Риддер қаласының әкімі дүниеден озды
Бүгін Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковойдың мезгілсіз дүниеден озғаны белгілі болды
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Дмитрий Анатольевичтің ата-анасына көңіл айтып, қолдау білдіруге туған жеріне бара жатқанын жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және жеке өзімнің атымнан Дмитрий Анатольевич Горьковойдың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Мен оның туған жері Усть-Таловкадағы ата-анасына барамын. Жерлеу және қоштасу рәсімдеріне қатысты барлық шығындарды өз мойнымызға аламыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы. - Оның өмірден озуы барлығымыз үшін, яғни әріптестеріне, достарына, соңғы жылдары әкім болған Риддер қаласының тұрғындары үшін күтпеген соққы болды. Бұл орны толмас ауыр қайғы. Өйткені Дмитрий Анатольевич өз жұмысының кәсіби маманы, іскер адам болғаны белгілі. Ол адамдарды бағалай білетін, әрқашан көмекке келуге дайын тұратын мейірімді жан болатын. Біз Дмитрий Анатольевичтің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын!
Дмитрий Анатольевич Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да "құқықтану" мамандығы бойынша және Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-да "қаржы және несие" мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясы бөлімінде бастаған.