Өскемен
облачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +30°
  • Шымкент
    +30°
$
457.98
+5.06
490.86
+5.87
¥
63.12
+0.70
5.26
+0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Рамазан айы аяқталып, қасиетті мейрам - Ораза айт басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Новости Казахстана / Рамазан айы аяқталып, қасиетті мейрам - Ораза айт басталды
Фото:
редакция мұрағатынан

Бүгін Рамазан айы аяқталып, күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт басталды. Таңертең еліміздің барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлық мерекемен қазақстандықтарды құттықтады.

Қадірлі отандастар, баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.

Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз.

Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін! Айт қабыл болсын, ағайын! - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Следующая →