Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер қаласында тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылмақ

Риддер қаласында 5 жаңа аялдама мен 2 футбол алаңын орнату, 4 аула аумағын абаттандыру және 5 ойын алаңын орнату жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддер қаласында тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылмақ
Фото:
ашық дереккөзден

Сондай-ақ, ҚТҚ жинау нүктелерін жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Халық қатысатын Бюджет бағдарламасы аясында Тайшыбаев атындағы скверді ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар және Тоқтаров көшесіндегі №13-15 үйлердің ауласында балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Коноваловка ауылында көшелерді жарықтандыру және балалар ойын алаңын орнату бойынша жөндеу жұмыстарын жүргіземіз және қала көшелерінің асфальтбетон жабындарын, қиыршық тасты жолдарды, тротуарлар мен орамішілік жолдарды ағымдағы жөндеуден өткіземіз. Жол белгілерін жөндеу және орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру жұмыстары жоспарланған, - деді Дмитрий Горьковой.

Бұдан басқа, Риддер қаласының қолданыстағы Бас жоспарын түзету жалғасады, оны орындауға ағымдағы жылы қалалық бюджет қаражатынан 50 млн теңге бөлінді. Құны 36 млн 660 мың теңге болатын Лесное, Коноваловка, Ульбастрой ауылдарының қала құрылысын дамыту схемасы әзірленетін болады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында 2023 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Осы мақсатта 75 меморандум жасалды. Биылғы жылы 789,6 тонна көлемінде әлеуметтік ұнға қажеттілік қалыптасты, - деді әкім.

Бұдан басқа, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Риддер қаласында 2023 жылға бірнеше жоба жоспарланған.

Біз 20 отбасын қоныс аударамыз, оның 4-і көшуге және тұрғын үйді жалға алуға субсидия алады, ал 16-сы экономикалық ұтқырлық сертификатын алады, қысқа мерзімді курстарда 67 адамды оқытамыз, 4 адамның кәсіби біліктілігін тануға ваучер береміз және 700 адамды уақытша жұмыс орындарына орналастырамыз. Бұл мақсаттарға 604 млн 55 мың теңге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен - 514 млн 225 мың теңге, жергілікті бюджеттен - 89 млн 830 мың теңге, - деп түсіндірді спикер.

Дмитрий Горьковой ағымдағы жылға арналған жоспарларға 13,4 млрд теңгеге 25 жобаны іске асыру кіретінін атап өтті, оның ішінде ақпараттық-түсіндіру тобы шеңберінде 800,4 млн теңгеге 9 мәселе.

Следующая →