Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады

Бұл ізгі айда ШҚО-да "Ел үлесі патерге" қайырымдылық акциясы аясында тағы бір жерлесіміз баспанаға ие болмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Зекет" қайырымдылық қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Берік Қадірұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қайырымдылық акциясы аясында Рамазан айында Зайсан ауданының тұрғынына пәтер кілті табысталмақ.

2019 жылы ел аумағында "Ел үлесі патерге" қайырымдылық акциясы басталды. Бұл акцияның мақсаты мұқтаж отбасыларға тұрғын үй беру болып табылады. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан бойынша 626 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алды. 2019 жылдан бастап облыс бойынша өз пәтерлеріне 16 отбасы қоныстанғанын атап өткім келеді, - деді Берік Қадірұлы.

Сонымен қатар, биыл пітір-садақаның мөлшері 535 теңгеболып белгіленді, сома ел бойынша 2 кг ұн үшін орташа баға негізінде есептелді.

Барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17-18 сәуірге түседі, ал 21 сәуірде Ораза айт басталады. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жариялады. Осыған байланысты ағымдағы жылы көптеген қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. ҚМДБ төралқасының отырысында Рамазан жоспары бекітілді, - деді ШҚО бойынша ҚМДБ бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы.


Следующая →