Риддерде ірі шаңғы курорты ашылмақ
ШҚО-дағы бұл кешен Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты болады деп күтілуде
Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кәсіпқой спортшылар мен туристер үшін тау шаңғысы курорты ашылады. Жаңа кешен Анатау тауының төменгі бөлігінде орналаспақ. Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастаймыз, - деді Дмитрий Горьковой.
Бұл Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты болады деп күтілуде. Онда аспалы жолдар, қонақүй кешені болады. 4-ші буын шаңғы курорттарына қойылатын SKI-IN SKI-AUT талабы толықтай орындалады.
Таңдалған жер Риддер қаласындағы теміржолдан 4 шақырымнан аспайтын қашықтықта, теңіз деңгейінен 850 метр биіктікте орналасқан. Кешен тек қыста емес, жыл бойы жұмыс істейді. Жазда жаяу және ат спорты туризмін, тау велосипедін, парапланеризмді дамыту көзделуде, - деді Дмитрий Горьковой.