Өскемен
Бұлтты
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Семей
    +16°
  • Алматы
    +23°
  • Риддер
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Ақтау
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Түркістан
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Шымкент
    +16°
$
466.33
-4.13
538.47
-4.63
¥
67.76
-0.62
5.9
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі спортшы жастарға интернеттегі алаяқтардың арбауына ілікпеу жолы түсіндірілді

Қиберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері облыстық мамандандырылған олимпиада резервіндегі мектеп-интернат-колледжінде профилактикалық семинар өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі спортшы жастарға интернеттегі алаяқтардың арбауына ілікпеу жолы түсіндірілді
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Оған тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар олардың жаттықтырушылары, оқытушылар мен ата-аналар - жалпы 250-ге жуық адам жиналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жиынның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдердің интернет кеңістігіндегі заңсыз әрекеттерге, оның ішінде қылмыстық істерге тартылуының алдын алу болды. Жиында әсіресе "дропперлік" мәселесіне, яғни ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және аудару схемаларына қатысудың қауіптілігіне ерекше назар қойылды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Өскемен қаласы Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілі, полиция капитаны Ақбота Бауыржанқызы қатысушыларға азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алаяқтық схемаларға тарту тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Қаскөйлердің "оңай табыс" табу желеуімен жастардың қалай тартылғаны және оның соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ашып айтты. 

Ал банк карталары мен жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру азаматтарды автоматты түрде қылмысқа сыбайлас ететінін ескертті.

Семинар аясында интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен олардың басты белгілері талқыланып, кибершабуылдардан қорғанудың практикалық ұсыныстары берілді. Бұған қоса, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Теолог маман деструктивті ағымдардың арбау әдістерін нақты мысалдармен баяндап, жастарды ғаламтордағы ақпаратқа сыни тұрғыдан қарауға шақырды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар мамандарға көкейкесті сұрақтарын қойды. Оқу орнының басшылығы болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде тек физикалық дайындық емес, сонымен қатар жоғары құқықтық мәдениет пен цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті. 

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Риддер Кыберқылмысқа қарсы күрес ШҚО ПД