Өскемен
Бұлтты
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Семей
    +15°
  • Алматы
    +23°
  • Риддер
    +12°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Ақтау
    +16°
  • Атырау
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +18°
  • Түркістан
    +22°
  • Орал
    +17°
  • Шымкент
    +17°
$
466.33
-4.13
538.47
-4.63
¥
67.76
-0.62
5.9
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жазда Сарыбелге Қытайдан екі жүзге жуық турист келмек

ШҚО делегациясы жақында  Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барған

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарское (район Самар) / Жазда Сарыбелге Қытайдан екі жүзге жуық турист келмек
Фото:
ЖИ иллюстрациясы

Самар ауданы әкімі жұмыс сапары аясында Қытайдың бірнеше туристік компаниясымен келісім жасалғанан айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, жақында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің жетекшілігімен облыс әкімдігі мүшелері, қала және аудан әкімдері бар делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына барған. Қытайлық әріптестермен инвестициялық мүмкіндіктер, соның ішінде туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қытайдың бірқатар туристік компанияларымен бірнеше кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы келісімге келдік. Жазғы маусымда олар Самар жағалауына бір мезгілде шамамен 150–200 турист әкелуге дайын, – дейді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.

Жақын уақытта Сарыбелдегі демалыс базаларының иелерімен қытайлық туристерді қабылдау және жайлы орналастыру бойынша келісімшарттар жасасу жоспарлануда.

Бүгінде ауданда 71 демалыс базасы жұмыс істейді. 580-ден астам үй және шамамен 3 000 туристке арналған орын бар. Туристердің негізгі легі дәстүрлі түрде жаз мезгіліне тиесілі. Саланы одан әрі дамыту үшін туризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленген, – дейді Серік Жеңісов.

Туристерге қолайлы болу үшін биыл Сарыбел жағалауында  сапалы ұялы байланыс пен интернет пайда болады. Былтыр "Көкпекті – Самар – Васильев өткелі" облыстық маңызы бар автожолының бір бөлігі жөнделсе, биыл жұмыстар жалғасын табады. 

Следующая →