Өскемен
Қалың бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -6°
  • Алматы
    +18°
  • Риддер
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +19°
  • Түркістан
    +19°
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    +20°
$
489.3
-0.69
578.94
-1.31
¥
70.83
-0.10
6.38
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер тұрғындары шағын аудандағы дәрігерлік амбулаторияларды оңтайландыруға қарсы

"АРАЙ" емханасының пациенттеріне отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның бір жыл ішінде қалалық аурухананың жаңа ғимаратына көшетіні ескертілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддер тұрғындары шағын аудандағы дәрігерлік амбулаторияларды оңтайландыруға қарсы
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жазып, жергілікті пабликтерден мәселені зерттеуді сұрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аймақтық жағынан Риддер өте үлкен қала, басқа аудандардан орталығына жету өте қиын, қоғамдық көліктер де қатынамайды.

Қаржыландырудың жоқтығына байланысты біздің емханамыз жабылатыны туралы жағымсыз ақпаратты естідім. Еегер бұл шын болса, "АРАЙ" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының пациенттері бұл шешімге қарсы, - дейді 7-ші шағын ауданның тұрғыны. – Шағын аудан қаладан қашық жатқандықтан емханаға жету қиындық тудырады. Балаларымызға да ыңғайсыз. Поликлиника біз үшін ыңғайлы жерде тұр. Ал жаңа аурухана маңынан қоғамдық көлік те өтпейді. Сол үшін де отбасылық-дәрігерлік амбулаториямызды осы жерде қалдыруды сұраймыз.

Осы хабарламаға көбі пікір жазды. Барлығы мұндай оңтайландыруға, дәлірек айтсақ, Риддер қаласының денсаулық сақтау жүйесін орталықтандыруға қарсы. Тұрғындар басқа амбулаториялар да қалалық ауруханаға ауыстырыла ма деп қорқады.

Қалада жаңа аурухана кешені пайдалануға берілуде, онда профильді бөлімшелер мен тар сала мамандары қабылдау жүргізеді, - дейді Риддер қалалық ауруханасындағылар. - Қазіргі уақытта науқастар шынымен де арнайы консультациялық көмек алу үшін қалаға жіберіледі. Бүгінгі күнге дейін дәрігерлік амбулаторияны көшіру туралы шешім әлі қабылданбағанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, болашақта халыққа ыңғайлы болуы үшін және медициналық көмек қолжетімді болуын ескере отырып, бөлімшелерді орналастыруды оңтайландыру мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Барлық ұйымдастырушылық өзгерістер тек науқастардың мүддесінде жасалады және халық ресми дереккөздер арқылы алдын ала міндетті түрде хабардар етіледі.

Ресми жауапқа сүйенсек, риддерліктердің алаңдауына негіз бар. Алайда кез келген оңтайландыру алдында адамдардың пікірі, көлік логистикасы және науқастардың ыңғайлылығын ескерілуі керек.

Следующая →