Өскеменде қарды шығармаған кәсіпкерлерге айыппұл салына бастайды
Қаладағы муниципалды аумақтарды қардан тазарту жұмыстары қарқын алады

Шаһар басшысы Алмат Ақышов жолдардың жағдайын үшке бағалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қар тазартылғанымен, шығарылмайды. Ал бұл жаяу адамдар мен көліктердің жүріп-тұруына кедергі келтіріп қана қоймай, көшелерді су басуы мүмкін. Өскемен қаласының аумағын қардан тазалау мәселесі әкім көшелерді аралап шыққаннан кейін аппараттық отырыста қаралды.
- Көшенің әр жерінде тау болып үйілген қар. Бүгіннен бастап қала ішіндегі қарды шағыруды тапсырамын, - деді Алмат Ақышов. – Бірақ аумақтарды қардан уақтылы тазарту тек қана коммуналдық қызметтердің міндеті емес, жерді пайдаланып отырған кәсіпкерлік субъектілердің де жауапкершілігі.
Жауапты тұлғалар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері талаптардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Жұмыстардың орындалуына бақылау күшейтіледі.
Егер олар қала тұрғындарын сыйламаса, әкімшілік жауапкершілікке тартайық. Полицияға қажетті тапсырма берілді. Алдымен ескерту жасалады, қарды шығармаса – айыппұл салынады. Онда да шығарылмаса – тағы айыппұл салынсын, - деді қала әкімі.