Риддерде студенттер мен оқушылар арасында инклюзивті аспаздық байқау өтті
"Мамандық бойынша үздік – 2025" атты инклюзивті аспаздық байқауы "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ұйымдастырылды

AMANAT партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы шеңберінде ұйымдастырылған сайысқа Риддер қаласындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер мен оқушылар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Байқаудың басты мақсаты — жастардың өзін-өзі танып, әлеуетін көрсетуіне жағдай жасау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Сонымен қатар, іс-шара әлеуметтік инклюзияны дамытуға, теңдік, өзара көмек және толеранттылық қағидаттарын нығайтуды көздейді.
"Мамандық бойынша үздік – 2025" байқауы барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өздерінің кәсіби дағдыларын, шығармашылық көзқарасын және эстетикалық талғамын көрсетті. Тәжірибелік кезеңде аспаздар тағам әзірлеудің түпнұсқа тәсілдерін, еңбек мәдениетін және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша бәсекеге түсті. Ұйымдастырушылар командалық жұмысқа, өзара қолдауға және тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындауға ерекше көңіл бөлген.
Біздің байқау - жай ғана кәсіби сайыс емес, ол қатысушылардың ішкі әлеуетін ашып, өз мүмкіндігіне сенуге жол ашатын ерекше алаң. Біз үшін бастысы - физикалық шектеулерге қарамастан, әрбір баланың бойындағы талант пен еңбекқорлықты көрсетуіне мүмкіндік беру. Осындай жобалар арқылы біз шынайы инклюзивті қоғам құруға қадам жасаймыз, - деді AMANAT партиясының Риддер қалалық филиалының төрағсы Әсем Агажаева.
AMANAT партиясы инклюзивті бағыттағы жобаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Бұл шаралар ерекше жандардың әлеуетін ашып қана қоймай, қоғамда еңбек пен адам құқығын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мен бұл сайысқа алғаш рет қатыстым. Тағам әзірлеу - менің сүйікті ісім. Осындай байқаулар бізге өзімізге деген сенімді арттырып, жаңа достар табуға мүмкіндік береді. Ең бастысы - бәріміз бір-бірімізді қолдадық, - дейді жас аспаз Ольга Журавлева.
Байқау бағдарламасы аясында қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, тағамдардың дәмі бағаланды. Шара соңында үздік аспаздар марапатталып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.