Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі Риддердегі ЖЭО-ның қысқа дайындығын тексерді

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / ШҚО әкімі Риддердегі ЖЭО-ның қысқа дайындығын тексерді
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Ең алдымен Риддер жылу электр орталығында болып, қысқа дайындық жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Биыл жылу көзінің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге, ал Үкімет резервінен 5,6 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, "ШығысЖылу" АҚ Риддер филиалына отын сатып алуға 1,6 млрд теңге бағытталды.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, төрт қазан агрегаты күрделі жөндеуден өтті, олардың екеуі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Көмір беру тракты толық жөнделді, екі турбинаның бірі жұмыс істеуде, екіншісінде қажетті жұмыстар аяқталуға жақын. Жалпы ұзындығы алты шақырымнан асатын 23 учаскеде жылу желілеріне жөндеу жүргізіліп жатыр.

Станцияда 20 күндік отын қоры жасақталған, басшылық "Қаражыра" кен орнымен көмір жеткізуге келісімшартқа отырды. Жақын күндері Риддер ЖЭО жылыту маусымына дайындық төлқұжатын алмақ.

Облыс әкімі бұл нысанның ерекше бақылауда екенін атап өтті.

2022 жылғы жағдайдың қайталанбауы үшін барлық қажетті жұмыстарды уақытылы орындап, сын көтермейтін сәттерге жол бермеу аса маңызды, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →