Өскемендегі Үлбі көпірі астындағы жол жабылды
Кеше толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзен суы көтеріліп, жолды басқан

Фото:
Өскемен қалалық әкімдігінен
Сол үшін де көпір астындағы жолда уақытша шлагбаум жабылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Нөсер жаңбырдың салдарынан Үлбі өзенінде су деңгейі көтерілді. Осыған байланысты Протозанов көшесі жағынан Үлбі көпірінің астындағы жолмен жүру қауіпті, - деп ескертті Өскемен қаласының әкімдігі.