Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +25°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
520.39
609.58
¥
72.57
6.63
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі жылу жүйесін жөндеу және жаңғырту жұмыстары күзде аяқталады

Өткен қыста қаланы жылумен қамту жүйесінде елеулі іркілістер болған жоқ, технологиялық ақаулар саны 10%-ға азайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі жылу жүйесін жөндеу және жаңғырту жұмыстары күзде аяқталады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы ШҚО әкімі премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жиын барысында аяқталған жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері талқыланды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жылу электр станцияларын жаңғыртуға бөлінген қаржы көлемі 44%-ға, ал жылу желілерін жаңғыртуға бөлінген қаржы 30%-ға жуық артты. Мемлекеттік қолдауды жалғастыру аясында биылғы мамыр айында Астана, Көкшетау, Қызылорда және Риддер қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтік қордан 25 млрд теңге бөлу туралы қаулы қабылданды.

Үкіметтің қолдауының арқасында 2024 жылы Риддер қаласының жылу жүйесінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жылу электр орталығының тозу деңгейі 46%-ға дейін төмендеді, бұл нысанды ең осал нысандар қатарынан шығаруға мүмкіндік берді. Биыл жұмыстар жалғасады. Екі қазан агрегатын жаңғырту, қосалқы жабдықтарды жаңарту, сондай-ақ 6 км жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Бұл шаралар тозу деңгейін қосымша 43%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, - деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі берген ақпаратқа сәйкес, станцияны дайындау жұмыстар кестеге сай және ҚР Энергетика министрлігімен келісілген тәртіпте жүргізілуде. Қазан агрегаттары мен жылу желілерінің дайындығын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімін бақылауды жергілікті атқарушы органдар Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асыруда.

Следующая →