Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады
Елде 6 жаңа кәсіби мерекені бекітілуі мүмкін

Қолөнершілер, кәсіпкерлер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және табиғи монополиялар саласы жұмыскерлері, кадр қызметшілері мен қоғамдық тамақтандыру саласы жұмыскерінің төл мерекесі тойлануы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 6 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады. Құжат 2025 жылғы 10 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:
- 31 қаңтар – Қазақстанның кәсіпкерлері күні;
- 7 шілде – Қазақстанның қолөнершілер күні;
- 9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;
- 15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;
- 12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің күні;
- 20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Бұдан басқа, Энергетик күнін мерекелеу желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.
Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.
Бұйрық жобасымен "Ашық НҚА порталында танысуға болады.