Бүгін Риддер қаласында үйлерге жылу беру тоқтатылады
25 сәуірде Риддер қаласында жылу беру маусымы аяқталады

Ал әлеуметтік нысандарда 5 мамырға дейін жылу қосулы болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Маусымды аяқтау туралы шешім ШҚО-да 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/81-VIII жылу беру маусымын өткізу және дайындау Қағидаларына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін шекте сыртқы ауаның тұрақты оң орташа тәуліктік температурасымен байланысты, - деп хабарлайды "Шығыс Жылу" АҚ Риддер қаласындағы филиалы.
Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарға жылу беру 5 мамырда тоқтатылады.
Жергілікті тұрғындарда қандай да бір сұрақтар туындаса, Instagram әлеуметтік желісіндегі @ridder_teplo парақшасында қоюға болады.