Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде жаңа ипотекалық бағдарлама басталды

"Отбасы банк" және ШҚО әкімдігі шағын қалалар үшін жаңа жеңілдетідген тұрғын үй бағдарламасын іске қосуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде жаңа ипотекалық бағдарлама басталды
Фото:
pexels.com

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен "Отбасы банк" моно және шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған өңірлік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы келісім жасасты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жаңа жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізілді.

Жеңілдетілген ипотека аудандардың, моноқалалар мен ауылдардың тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандардың өңірден кетуін азайту, яғни жұмысшы жастарды ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басында ШҚО-да жылу энергетикасындағы мамандарды қолдау үшін құрылған "Шығыс маманы" пилоттық бағдарламасы басталды.

Енді бағдарлама кеңейіп, оған басқа да сұранысқа ие мамандар қатыса алады. Бағдарламаны іске асыруға әкімдік пен банк бір-бір миллиард теңгеден бөледі. Бағдарламаның шарттарына 10% бастапқы жарна және 6% несие бойынша пайыздық мөлшерлеме кіреді. Қарыздың ең көп сомасы 20 млн теңге, ал тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады деп күтілуде.

Алтай, Риддер, Шемонаиха, Зайсан және Серебрянск қалаларының тұрғындары жеңілдікпен тұрғын үй сатып ала алады. Жергілікті атқарушы органдар бағдарламаға қандай мамандар қатыса алатынын айқындайтын болады, - деп түсіндірді "Отбасы банк" Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Назигүл Аққұлова. - Жоба аясында баспаналы болатындардың қатары көбейіп қана қоймай, жоба басқа елді мекендер үшін тамаша үлгі болады деген сенімдеміз.

Следующая →