ШҚО-да жыл басынан бері балалардың 70%-ы вакцина алды
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста нысаналы топтағы балалардың 1,1-74,7% профилактикалық вакцина алды
Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Балалардың бір жасқа дейінгі вакцинациясы бойынша жоғары көрсеткіштер байқалады: туберкулезге қарсы вакцинация 97,4% қамтылған, гепатит В-ға қарсы 96,6% құрайды. АКДС3+Hib3 вакцинациясы 75,7% деңгейінде, ал ВГВ 3 толық курсы 75,7% болып отыр. Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация 74%-ды құрады, - дейді Сәуле Слямғазина. - Бір жастан асқан балалар арасында вакцинация көрсеткіштері төмендегідей: пневмококк инфекциясына 71,8%, қызылша, қызамық және паротитке қарсы 68%, полиомиелитке қарсы 74% қамтылған.
Екі жасқа дейінгі балалар арасында АКДС4 + Hib4 бойынша ревакцинация 73,7% деңгейін көрсетті, ал алты жастағы балалар арасында ККП2 бойынша 73,8% құрады. Сонымен қатар, осы жаста қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы ревакцинация жүргізілді.
16-17 жастағы жастар арасында АДС-М бойынша вакцинациялау 63,4% құрады. Дифтерия мен сіреспеге қарсы 12 934 ересек тұрғын вакцинацияланды, бұл мақсатты топтың 80,5%-ын құрайды.
Жасөспірімдер мен ересектер арасында дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинацияның жетіспеушілігі 2023 жылдан бастап вакцинаны жеткізудегі үзілістермен байланысты болды. Кәсіптік екпемен қамтуды бақылау мақсатында екпеден бас тарту себептерін есепке алу және талдау жүргізілуде, - деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.
Айта кеткен жөн, ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес халыққа екпе егу тегін жүргізіледі.