Қара Ертіске сібір бекіресінің шабақтары жіберілді
Бұл құнды бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын қалпына келтіру үшін қажет

Шабақтар Марқакөл ауданына қарасты Боран ауылы маңындағы трансшекаралық өзеннің бастауына жіберілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы маусымда Қара Ертіс сібір бекіресінің шабақтарын жіберді.
Бұл шара құнды бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын қалпына келтіру және өңірдегі маңызды су айдындарының бірі саналатын өзен экожүйесін сақтау мақсатында ұйымдастырылды, - деп мәлімдеді басқарма басшысының орынбасары Мерхат Әміров. - Аталған өзен бөлігі "мәңгілік тыныштық аймағы" деп аталады – мұнда балық аулауға жыл бойы тыйым салынған. Осылайша балық саны табиғи жолмен қалпына келеді.
Қара Ертіс бекіре балықтарының тарихи мекені, туған жері деуге болады.