Марқакөл ауданындағы Игілік ауылында жаңа мектеп салынып жатыр
Болашақта Төсқайын мен Қайнарлы ауылдарында да жаңа білім ошақтары бой көтермек

Бұл туралы Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Бейсенов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жалпы аудан бойынша 19 мектеп бар, 4-і орта, 11-і негізгі орта, 3 бастауыш мектеп,1 мектеп-интернат-колледж. Мектепке дейінгі білім беретін 1 балабақша мен 18 шағын орталыққа 400 бала барады. Мектепалды даярлық топта 150 бала оқиды. Ауданда қызмет атқаратын 309 педагогтің 272-сі жоғары, 37-сі арнаулы орта білімді және 21 магистр дәрежесіндегі педагогтер, - деді Нұрсұлтан Бейсенов.
Қазіргі таңда Игілік ауылында 50 орындық мектеп салынуда. Ал болашақта Төсқайын мен Қайнарлы ауылдарында мектеп салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қарашілік мектебінің спорт залының едені ауыстырылмақ.